«Батыс Еуропа-Батыс Қазақстан» дәлізіне ақы енгізу 2015 жылға қарай қарастырылады

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - «Батыс Еуропа-Батыс Қазақстан» дәлізіне ақы енгізу 2015 жылға қарай қарастырылады.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне автожол саласын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Көлік және коммуникация вице-министрі Роман Скляр мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, мамыр айының соңына таман ақылы болған «Астана-Шортанды» автомобиль жолы ілкі жоба ретінде қарастырылады. «Алдағы уақытта біз «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің бірінші дәрежелі төрт жолақты учаскелеріне де ақы енгізуді жоспарлаймыз. Бұл шамамен 2015 жылдан бастап жүзеге асатын болады», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар