Батырхан Шүкеновтың нотаға түсірілген әндерінің қазақ тіліндегі жинағы таныстырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Батырхан Шүкенов атындағы қор Болат Өтемұратовтың қорының қаржылай қолдауымен танымал әншінің нотаға түсірілген әндерінің қазақ тіліндегі жинағының таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жинақта әртістің ән жинақтарындағы барлық туындылар жинастырылған. Мұндағы мақсат қазақ тілі мен отандық әншілерді қалың көпшілікке насихаттау. Басылымның ерекшелігі ол гитарада ән айтушыларға да арналған. Өйткені онда аккордтар бар.

«Біз басылымды орындаушыларға барынша қолжетімді етуге тырыстық. «Сағым дүние» атты жинақ Батырдың шығармашылық бағытын айқын көрсетеді. Басылым буырқанып жатқан дүниенің үнемі қозғалыста екенін және оның бірте-бірте мәңгілікке аттанып кете баратын сағым дүние екендігін паш етеді. Бұл тартысқа толы дүниеде орындалмай қалып жататын тілектердің мұңы іспеттес»,-дейді Батырхан Шүкенов қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, әншінің ағасы Бауыржан Шүкенов.

Нотаға түсірілген басылымға 14 туынды енген. Оның ішінде әйгілі «Отан ана» да бар. Ноталық жинаққа енген туындылардың көпшілігінің авторлары кезінде Батырхан Шүкеновпен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеген композитор Қуат Шілдебаев, Төлеген Мұхамеджанов, Наджиб Вильданов, Ринат Гайсин сияқты азаматтар. 

Осыған дейін Қызылорда қаласында Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ Батырхан Шүкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылғандығы жазылды.

Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар