Батырхан Шүкеновтің «Отан анасы» жаңа әуенмен шырқалады
2018 жылғы 23 қараша 02:24

Батырхан Шүкеновтің «Отан анасы» жаңа әуенмен шырқалады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған байқау үлкен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың ашылуында «Отан Ана» әні жаңаша әуенмен орындалмақ.

Ашылу салтанаты 26 қарашада Құрманғазы атындағы консерваторияның үлкен залында болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, концертке этно-джаздан классикаға дейін әр түрлі музыкалық бағыттағы топтар мен орындаушылар қатысады.

Атап айтқанда, Satzhan Project және Steppe Sons топтары, үрмелі және қазақ халық аспаптары ансамбльдері, фортепиано квартеті, Серік Нұрмолдаев, Жанар Хидуанова өнер көрсетеді.

Кеш бағдарламасында Андрей Эшпайдың "Мерекелік увертюра", "Гершвина тақырыбындағы қиял", Серік Нұрмолдаев, Satzhan Project тобының өнер көрсетуі және басқа да тосынсыйлар болады.

Кештің ең үздік әні "Отан ана" Қуат Шілдебаевтың Батырхан Шүкеновтің ең алғашқы жеке альбомына жазып шығарған туындысы қобызшылар мен соқпалы ансамбльдің орындауында шырқалады.

Байқау 26-30 қараша аралығында бес номинация бойынша: флейта, гобой, кларнет, фагот және саксофон өтеді.

Байқау жеңімпаздарының есімдері 30 қарашада жарияланады. Әр номинацияда I, II және III дәрежелі сыйлықтар, сондай-ақ конкурс дипломантының және "Үздік концертмейстер" дипломдары мен сыйақылары қарастырылған. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 250 000 теңге.

Іріктеу онлайн түрде жүзеге асырылды. Байқаудың бірінші бөліміне қатысу үшін үміткерлер өздері орындаған бейнежазбаны жіберуі қажет болған. Байқауға 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар мен студенттерді қосқанда 43 адам өтінім білдірген. Солардың ішінде байқаудың келесі кезеңіне 28 қатысушы өткен.

Естеріңізге сала кетейік, қазылар алқасының құрамында "Жаңа Еуропа" оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Николас Краузе (Франция), саксофонист және композитор Кристиан Элин (Германия), флейтист, халықаралық конкурстардың лауреаты, П. И. Чайковский атындағы үлкен симфониялық оркестрдің солисі Николай Попов (Ресей), Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Әкім Мұқатжанов, Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның гобоя класы бойынша профессоры Танатар Нұралы, Құрманғазы атындағы ҚҰК-ның Кларнет класы бойынша профессоры Жанат Ерманов бар.

Jańalyqtar

MURAǴAT