Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 26 °С
Алматы: 20 °С
USD 328.31 EUR 386.62
RUB 5.27 CNY 51.49
Жаңалықтар

Батырхан Шүкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

2018 жылғы 17 мамыр 17:02 1488
Бөлісіңіз:
Батырхан Шүкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні табылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Батырхан Шүкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні енген альбом жарыққа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылды

Альбом «В нас вселяют любовь» атаумен ел назарына ұсынылады.  Бұл жайында Б.Шүкенов атындағы  «Отан-Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы алдында өткен жиында қор директоры Олжас Байканов айтты.

«Соңғы жылы біз Батырдың жаңа альбомы бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Бұл жинаққа бұрын-соңды ешкім естімеген 13 жаңа әуен енеді. Ал, 20 мамыр күні Мәскеуден әндер жинақталған диск жеткізіледі. Бұл жинаққа Қазақстан ғана емес, көптеген елдердің мамандары бірлескен үлкен топ жұмыс жасады», - деді Олжас Байканов.

Сонымен қатар, Батырхан Шүкеновпен тығыз әріптестік жұмыс жасаған композитор Ринат Гайсин әншінің тағы да бірнеше әнін өңдеп, жаңартып шығаратынын жеткізді.

 «Біз ұзақ уақыт бірлесіп жұмыс жасадық. Мен Батырға арнап бірнеше ән шығардым. Мәселен, бүгінгі конкурста оған арнап жазған «Астана» әні орындалады. Конкурс аяқталған соң, мен Прагаға барып, студия архивінде сақтаулы Батырдың бірнеше әнін жаңартып, қайтадан өңдеймін. Қандай ән екенін әзірге құпия ұстап отырмыз», - деді Ринат Гайсин.

 Айта кетейік, Қызылордада 16-18 мамыр күндері облыс әкімдігінің қолдауымен Б.Шүкенов атындағы  «Отан - Ана» атты ІІ республикалық әншілер конкурсы өтуде. Оған еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан мемлекетінен 25 орындаушы қатысуда. Конкурс талабы бойынша, қатысушылар 2 ән орындайды, оның бірі Батырхан Шүкеновтың репертуарынан болуы керек.

  

Авторы: Әділжан Үмбет 

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат