Батырхан Шүкеновтің әніне қойылатын спектакльге кастинг жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ARTиШОК театры Батырхан Шүкеновтің шығармасы желісмен сахналанатын спектакльдің қосалқы рөлдеріне әртістер іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кастинг төрешілері құрамында  аталған  театр режиссері Галина Пьянова, Украинадан келген хореограф Анатолий Фролов,  театр продюсері Анастасия Тарасова, кино және театр актері Шыңғыс Қапин  және музыкант Ғалымжан Молданазар бар. 

«Батырханның әні  желісіндегі қойылым сахналанады. Мюзиклді жарыққа шығару үшін  қосымша алаң керек еді. Бұдан бір жыл бұрын  жобаның концепсиясын жасадық. Бауыржан Шүкеновпен кездесіп, хореграф іздей бастадық. Енді командамызды толықтырып жатырмыз.  Әлбетте, бұл «қиялдағы команда» болу тиіс. Кастингтің жүргізілу сипатының өзі Қазақстандықтар үшін таңсық жағдай болмақ.  Себебі біздің елде  кәсіби бәсекелестік дамымаған. Көбі  артымызда тіреуіміз болмаса, ешкімге керек  емеспіз деп ойлайды.  Осы стереотипті бұзғымыз келеді»-деді  театр продюсері Анастасия Тарасова.

Театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзін актерлік қырынан танытқысы  келетіндер анкета толтырып, фотосуретімен қоса,   [email protected] почтасына жолдай алады.

Батырхан Шүкеновтің  әніне  қойылатын спектакль биыл қыркүйек айына жоспарлауда. 


Авторы: Арайлым Жолдыбаева

Соңғы жаңалықтар