Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомы жарыққа шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомы 20 қарашада жарыққа шығады. Бұл туралы Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.

«Батырханның қазақ тіліндегі «Аманат» альбомын шығаруға қаржылай көмек көрсеткен Зейнолла Кәкімжановқа, Марғұлан Сейсембаевқа, Еркін Тәтішевке қор атынан алғысымды білдіргім келеді. Жаңа жинаққа 10 ән кіреді. Олар бұрын көпшілікке белгісіз болып келген. Альбомның таныстырылымы 20 қарашада Алматыда өтеді», - деді ол. Айта кету керек, жаңа туындыға музыка жазуды композиторлар Қуат Шілдебаев пен Ринат Ғайсин қолға алған болатын. Батырхан Шүкеновтың бұған дейін «Отан ана», «Сағым дүние» атты альбомдары жарық көрді. Әншінің ойында жүрген бұл «Аманат» альбомы - трилогияның соңғы бөлімі. Әншінің алда орыс тіліндегі үш альбомы жарыққа шығуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар