Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті аншлагпен өтті (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дарынды музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған қайырымдылық концерті өтті.

«Батырға деген музыкант ретіндегі махаббат сезімімізді тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Концертке дайындалған кезде маған нөмірді алып тастау қиынға соқты. Әйтпегенде, таң атқанша жалғасатын еді. Бәрі ән айтқысы келді. Бізде сөзден де құдіретті - музыка тілі бар», - деп атап өтті консерватория ректоры, халық әртісі Жәния Әубәкірова.

Кешке көркемдік жетекші, дирижер Ян Рудковскийдің басшылығымен консерваторияның аралас хоры, консерваторияның үрмелі аспаптар оркестрі, «Аңсар» вокалдық триосы, «Mezzo» ансамблі, Қазақ ұлттық консерваториясыны4 әншілері қатысты. Қобызшылар мен домбырашылар классикалық туындыларды әуелетті. Баяншылар ансамблі «күй тартыс» жасады. Батырдың «Отан ана» әнін қобызшылар оркестрі орындады.

Консерватория залы лық толы болды.

Барлық жиналған қаражат Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қорға аударылады.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар