Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Батырхан Шүкеновке арналған «Отан-Ана» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

2018 жылғы 18 мамыр 11:52 1519
Бөлісіңіз:
Батырхан Шүкеновке арналған «Отан-Ана» байқауының жеңімпаздары белгілі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында әнші-композитор Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған «Отан-Ана» республикалық әншілер байқауы мәресіне жетті. Бас жүлде Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласынан келген Ерік Төленовке бұйырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
15 жасар қазақ қызы «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалына өтті Астана тұрғыны 20 мыңнан астам маркадан коллекция жинаған

Өнер байқауында еліміздің бірқатар өңірлерінен келген 16-30 жас аралығындағы 130-дан астам жастар сынға түсті. Олар алғашқы кезеңінде еркін тақырыпта ән шырқаса, келесі кезеңде Батырхан Шүкеновтің репертуарынан бір ән орындады. Әділқазылр алқасының құрамында композитор, продюсер Ринат Гайсин, әнші-композитор Рүстем Нұржігіт, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Дильназ Ахмадиева және продюсер, Б.Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов болды.

Айта кетерлігі, байқауда минусовкада бэк-вокалды қолдануға рұқсат берілген жоқ. Бұл өнерпаздардың табиғи дауысын, шынайылығын әділ таразылауға мүмкіндік туғызды.

«Батырхан ағамыз әрдайым жастарға үлгі бола білді. Бүгінгі байқауда қобалжығаным рас. Өйткені, ол кісі орындаған әндер - деңгейі өте жоғары туындылар», деді байқаудың бас жүлдесін иеленген Е.Төленов.

Қазылар алқасының шешімімен бірінші орын Гүлнар Көшеноваға бұйырса, екінші орынды ақтөбелік Айымбек Сартуков алды. Үздік үштікті Индира Бәйімбетова түйіндеді. Өзге де өнерпаздарға арнайы марапаттар табысталды.

«Оның жұлдызды өмірі бізге өнерге деген қызметтің жарқын үлгісін көрсетті. Батырханның еңбексүйгіштігін барлығымыз өнеге тұтамыз», деді Р.Гайсин.

Біз бұдан бұрын Батырхан Шүкеновтің еш жерде орындалмаған 13 әні жинақталған жаңа альбомы жарыққа шығатынын хабарланған едік.

Бүгін, 18 мамырда түстен кейін Қызылорда қаласында Б.Шүкеновке арналған ескерткіш ашылады деп күтілуде.

Әділжан Үмбет

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат