Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында  Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақы үшін қойылатын талаптар жарияланды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының студенттері арасынан асқан таланттарды іздейді. Олар Батырхан Шүкенов атындағы шәкіртақыға ие болады. 

«Біз үрмелі аспаптарда ойнайтын жас музыканттарға қолдау көрсеткіміз келеді. Себебі Батыр саксафонның классикалық орындаушысы болып еді. Музыкалық аспаптың бұл  түрін насихаттауда студенттерге материалдық тұрғыдан көмектесуге дайынбыз. Болашақта түрлі байқаулар мен фестивальдерге барамыз десе жол пұлын да береміз.  Біздің басты мақсат -  талантты орындаушыларды табу. Музыкалық аспаптардың сирек түрінде ойнайтындар сахнадан көріне бермейді. Сондықтан олар келешекте Қазақстандық орындаушылық өнерге  өз үлестерін қосса дейміз», - деді белгілі артистің ағасы әрі Б.Шүкенов атындағы қор кеңесінің төрағасы.

Жобаға қаржылық қолдау көрсеткен Болат Өтемұратов қоры.  2018-19 оқу жылы бойынша әрбір студентке 500 000 теңгеден  5 шәкіртақы бөлінген. Шәкіртақыға  консерваторияның үрмелі ағаш аспаптары  мен жез музыкалық аспаптары факультетінің студенттері (бакалавр студенттері, магистрлер, докторанттар) үміткер бола алады.   

Шәкіртақы алушыларды іріктеу үш кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезең -   өтініштерді қабылдау 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Оларды өңдеу, яғни екінші кезең 28 қыркүйекке дейін; үшінші кезең - шешім 2 қазанда жарияланады.

Жұмыс бейнежазба түрінде  Youtube, Vimeo желілеріне жүктелген соң, байқауға сілтеме арқылы жолданады. Бейнежазба уақыты  5 минуттан аспауы керек. Жазба өтініш түсірген күнге дейін 1 жыл ішіндегі шығарма болуы тиіс.

Шәкіртақы иелері тәуелсіз қазылар алқасы шешімімен жарияланады. Нәтижені консерватория сайтынан қазан айында білуге болаы.

Болат Өтемұратов  атындағы қор бұдан өзге тағы бірқатар жобаға қолдау білдірмек.  Алдағы күндерге әншінің қаза тіліндегі шығармаларының ноталық таныстырылымы мен үрмелі ағаш аспаптар конкурсы, сондай-ақ Батырхан Шүкеновтың жеке албомдарының CD/DVD баспасының шығарылымдары жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар