+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Батырхан Шүкенов әндерінің домбырамен сүйемелденген кавері жарияланды

2020 жылғы 27 сәуір 21:44
Бөлісіңіз:
Батырхан Шүкенов әндерінің домбырамен сүйемелденген кавері жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біртуар әнші Батырхан Шүкеновтың өмірден өткеніне 28 сәуірде бес жыл толады. Осыған байланысты елордадағы «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблі әншінің шығармаларының домбырамен сүйемелденген кавер нұсқасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Швейцарияда Альпі тауларында домбыра тартылып, қазақ күйлері әуеледі Ресей қазағы Димаш Құдайбергенге арнап күй шығарды World Dombyra Festival: Әлемнің 25 елі мен 36 қаласында қазақ күйлері төгілді

«Біз ортақ іске өз үлесімізді қостық деп білеміз. Музыка осы бір қиын кезеңде бәрімізді біріктіреді және бізге үміт береді. Бұл жолы көпшілік арасында танымал болған бірнеше әнін таңдап алдық», – деді ұжымның көркемдік жетекшісі Шолпан Қорғанбек.

Батырхан Шүкенов 1962 жылдың 18 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін Ленинград қаласындағы (қазіргі Санкт-Петербург) Надежда Крупская атындағы мәдениет институтына оқуға түскен. Онда әнші саксофонның оркестрлік бөлімінде екі жыл білім алады. Батырхан Шүкенов 1983 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. Ал 1985 жылы Батырхан Шүкенов Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірді. Кейін әнші әйгілі «A-Studio» тобының іргесін қалады.

Әнші 2015 жылдың 28 сәуір күні Мәскеуде көз жұмды.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясының «Қорқыт» этно-фольклорлық ансамблінің құрамындағы әртістер қобыз, қыл қобыз, нарқобыз, домбыра, сырнай, мүйіз сырнай, шаңқобыз, жетіген, шертер, дауылпаз, саз сырнай, бас домбыра, сыбызғы, су ағаш, тоқылдақ аспаптарында ойнайды. Көктемде «Қорқыт» ансамблі 75 шығарманы үзіліссіз орындап, Қазақстанның Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT