Батырхан Қуанышбеков Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

None
Фото: gov.kz
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып Батырхан Қуанышбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батырхан Қуанышбеков Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде «Құқықтану» және «Туризм» мамандықтары бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтау қаласы әкімі аппаратында іс жүргізуші болып бастаған.

2014-2022 жылдар аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасында инспектор, талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің басшысы, ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар