Батыр Жүкембаевтың пуэрторикалық нокаутермен жекпе-жегінің өтетін күні жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін 29 мамырда Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық спортшының қарсыласы Пуэрто-Рико өкілі Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болмақ. Кездесу Showtime телеарнасындағы бокс шоуының аясында өтеді.

Жүкембаев — Матиас жекпе-жегі бірінші жартылай орта санаттағы әлем чемпионы титулына міндетті үміткерді анықтау үшін IBF-тің «төрт турнир» бөлігі ретінде жоспарланған. Тағы бір «жартылай финалда» британиялық боксшы Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) және аргентиналық Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездеседі.

Айта кетейік, Батыр үшін алдағы жекпе-жек АҚШ-тағы дебюті болмақ. Қазақстандықтың барлық алдыңғы жекпе-жегі Канадада өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар