Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (15-0, 12КО) келесі айқасын Монреальда (Канада) мексикалық боксшыға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан кәсіпқой боксы» ВКонтакте парақшасынан белгілі болғандай, Montreal Casino ойын-сауық кешенінде Жүкембаев жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Луис Хесус Видалесқа (13-6, 6КО) қарсы өткізеді.

Видалес 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін ол боксшы Мексикада өткізген.

Қазақстандық нокаутшы Батыр Жүкембаевтың (15-0, 12 КО) рингке оралатын күннің қашан келетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жеңіліп көрмеген спортшы 17 мамырда Монреалдағы (Канада, Квебек провинциясы) Montreal Casino-да өтетін бокс кешінің қатысушыларының бірі болмақ. Қазақстан уақыты бойынша айқас 18 мамырда таңертең өтеді.

Жүкембаев соңғы айқасын дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Соңғы жаңалықтар