Батыр Жүкембаевтың қарсыласын екі соққымен нокаутқа жіберген видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (11-0, 9 КО) Канаданың Монреаль қаласында қарсыласын екі соққымен нокаутқа жіберген жекпе-жегінің видеосы желіге тарады. Видео Батырдың Инстаграм парақшасында жарияланды.

Бұған дейін Батыр Жүкембаевтың кәсіпқой бокстағы 12-ші жекпе-жегінде 30 жастағы мексикалық Ноэ Нуньесті (18-5-1, 13 КО) бірінші раундтың 35-інші секундында  техникалық нокаутпен жеңгенін хабарлаған болатынбыз.

Беделді сайттардың бірі BoxRec.com редакторы Филипп Ст-Мартиннің хабарлауынша, Батырға жеңіс үшін небәрі екі соққысы жеткілікті болған.

Бұл кәсіби бокстағы Батырдың 12-ші жеңісі, ал Нуньес өз спорттық жолында осымен алтыншы рет сүрініп отыр.

Жекпе-жектің толық видеосы 🥊🥊🐅🐅 #batyrjukembaev #kazakhstan #canada #boxing #ko #batyroff

Публикация от БАТЫР |777| ЖҮКЕМБАЕВ 🇰🇿 (@batyr777off) 31 Мар 2018 в 6:49 PDT

Соңғы жаңалықтар