Батыр Жүкембаевтың қарсыласы аяқ астынан ауыстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үш күннен кейін шаршы алаңға көтерілгелі тұрған қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың қарсыласы аяқ астынан ауысып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазақстан кәсіпқой боксы» федерациясына сілтеме жасап.

Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) басты айқаста шығатын Канададағы бокс кешіне барлық билеттер сатылып кеткенін бұған дейін хабарлаған едік. Сондай-ақ боксшының IBF Latino чемпионы аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронға (12-3-1, 4 КО) қарсы айқасатыны жарияланған болатын. Алайда, канадалық БАҚ-тың хабарлауынша, отандасымыз «Рики» лақап атты мексикалық Рикардо Ларамен (22-7, 10KO) кездеседі.

25 қаңтарда өтетін айқаста қазақстандыққа тиесілі бірінші орта салмақтағы WBA Continental Americas пен IBF Inter-Continental титулдары сарапқа салынады.

Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев былтыр 26 қыркүйек күні Монреальда мексикалық Мигель Васкеске қарсы (41-9, 15 КО) өткізген соңғы жұдырықтасуында төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Халықаралық бокс ұйымының (IBO) рейтингінде ол өз салмағында 11-ші орында тұр.


Соңғы жаңалықтар