Батыр Жүкембаевтың АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

None
Фото: Eye of The Tiger Management
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы – Батыр Жүкембаев (20-1, 16 КО) рингке оралатын күнін белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша, Жүкембаевтың келесі айқасы 20 қыркүйекте АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында өтеді деп жоспарланған. Қарсыласының есімі әлі жарияланбады.

Батыр үшін бұл жекпе-жек 2021 жылы АҚШ-тағы дебютінен кейінгі екінші айқас болмақ. Сол кезде ол мансабында алғаш рет жеңілген. Содан кейін Батыр Қазақстан мен Канадада бір-бір жекпе-жек өткізді.

Жүкембаевтың кейінгі жұдырықтасуы 2022 жылдың 24 желтоқсанында Алматыда өтті. Ол Оңтүстік Африка өкілі Ксолани Мкотхелиді (19-8, 12 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген болатын.


Соңғы жаңалықтар