+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 517.08
RUB 5.74 CNY 66.17
Jańalyqtar

Батыр Жүкембаевтің жекпе-жегінің датасы ресми жарияланды

2021 жылғы 17 сәуір 00:35
Бөлісіңіз:
Батыр Жүкембаевтің жекпе-жегінің датасы ресми жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-0, 14КО) кезекті жекпе-жегін пуэрторикандық Сабриэль Матиасқа (16-1, 16КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Непалдық гид екі рет Эвересті бағындырып, әлемдік рекорд орнатты Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын боксшылар Азия чемпионатында бақ сынайды Бокстан 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды


ВКонтакте әлеуметтік желісіндегні «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, кездесу 29 мамыр күні Showtime Championship Boxing бокс кеші аясында өтеді. Кештің басты жекпе-жегі WBC-тің аса жеңіл салмақтағы чемпионы, француз Нордин Убаалидің (17-0, 12KO) және Филиппин өкілі Нонито Донейрдің (40-6, 26KO) арасында болады.
Жүкембаев – Матиас айқасы Showtime телеарнасының таяу айлардағы трансляциясының кестесіне қосылған. Кештің нақты қай жерде өтетіні әзірге мәлімделген жоқ. Алайда, ол Лос-Анджелес болуы мүмкін.

Айта кетейік, Батыр мен Сабриэльдің жекпе-жегі IBF-тің «төрттік турнирінің» бір бөлігі ретінде жоспарлануда. Оның жеңімпазы бірінші жартылай орта салмақ дивизионының әлем чемпионы атағы үшін міндетті үміткер тізіміне енгізіледі.

Еске салайық, биылғы ақпан айында Батыр Жүкембаев «МТК Global» промоутерлік компаниясымен келсімшартқа қол қойған болатын.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT