Батыр Жүкембаев жанкүйерлеріне алғыс айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдары үшін болатын жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Ассалаумағалейкум қазағым! 25 қаңтар күні Канаданың Монреаль қаласында өтетін бокс кешінде, басты жекпе-жекте аргентиналық Максимилиано Рикардо Веронға қарсы өзіме тиесілі IBF Inter-Continental және WBC Continental чемпиондық белбеулерін қорғаймын! Қарсыласым 16 жекпе-жегінде 12 мәрте жеңіске жеткен IBF Latino чемпионы. Бұл 2020 жылғы мен үшін алғашқы үлкен сынақ! Алла бұйыртса жеңіс үшін бар күшті саламыз! Алға Қазақстан! Қолдауларыңыз үшін рақмет!» - деді ол өзінің Instagram парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, 26 қыркүйек күні мексикалық Мигеля Васкеске қарсы (41-9, 15 КО) Монреальда өткен соңғы жұдырықтасуында Батыр төрешілердің бірауызды шешімімен

жеңіске жеткен болатын.


Соңғы жаңалықтар