Батыр Жүкембаев пен Нұрзат Сабыровтың келесі жекпе-жектері өтетін күн анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні Монреаль қаласында (Канаданың Квебек провинциясында) өтетін бокс кешінде қазақстандық нокаутшылар - Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) пен Нұрзат Сабыров (8-0, 7 КО) рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Супер орта салмақтағы Сабыров 32 жастағы аргентиналық Сезар Эрнан Рейносомен (15-11-4, 7 КО) айқасады. Ал бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жүкембаевтың қарсыласы әзірге белгісіз.

Соңғы жекпе-жектерін Жүкембаев та, Сабыров та мерзімінен бұрын аяқтаған. Батыр 6 қазан күні Квебекте өткен айқастың жетінші раундында мексикалық Патрисио Лопеса Мореноны (21-3, 15 КО), ал Нұрзат 24 қарашада тағы бір мексикалық боксшы Рокки Монтояны (32-3, 22 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар