Батыр Жүкембаев пен «Котто» салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6КО) жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында хабарланды.

Жүкембаев Instagram-да видео жүктеп: «Салмақ орындалды» деп жазды. Сондай-ақ ол қарсыласымен өткен көз арбасу рәсімінен видеоны ұсынды.



Батыр Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық кешенінде өтеді. «Котто» лақап атымен белгілі мексикалық Луис Хесус Видалес 30 жаста. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін Мексикада өткізген. Жүкембаев соңғы айқасын дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Жекпе-жекті «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы - Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 18 мамыр, сағат 07.00.

Соңғы жаңалықтар