Батыр Жүкембаев мексикалық танымал боксшыны нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Квебек провинциясындағы Centre Videotron аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (13-0, 11 КО) келесі кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол мексикалық танымал боксшы Патрисио Мореномен (20-2, 14 КО) кездесті. Он раундқа шақталған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жүкембаев танымал қарсыласын 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Енді Батырдың жеңістерінің саны 14-ке жетті, ал қарсыласы карьерасында үшінші рет жеңілді.

Айта кетейік, канадалық журналистер 27 жастағы қазақстандық боксшының шеберлігіне көп мәрте тамсана пікір білдірген болатын. Канада бұқаралық ақпарат құралдары Батырды ең дарынды жергілікті спортшылардың бірі деп атап, үлкен телевизиядағы жекпе-жектерін тағатсыздана күтетінін жариялаған.

Соңғы жаңалықтар