Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

2019 жылғы 18 мамыр 09:21 916
Бөлісіңіз:
Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6КО) жекпе-жегін өткізіп, жеңісе жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңқош Тұраров Елеусіновтің «GGG-Роллс» андеркартында шықпауына қатысты пікір білдірді Әлімханұлы Әлем чемпионы титулына жету жолындағы басты қарсыластарын атады

Жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық кешенінде өтті. Кездесудің бірінші раундында Батыр Жүкембаев қарсыласы Луис Хесус Видалесті техникалық нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

«Котто» лақап атымен белгілі мексикалық Луис Хесус Видалес 30 жаста. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін Мексикада өткізген. 

 Жүкембаев соңғы айқасын дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT