Батыр Жүкембаев Канададағы бокс кешінде екі титул үшін айқасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев (16-0, 13КО) Канаданың Квебек провинциясындағы Монреаль қаласында 23 қыркүйекте өтетін жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Толықтырып айта кетсек, Жүкембаев келесі айқасын мексикалық 32 жастағы Мигель Васкесқа (41-8, 15 КО) қарсы өткізетінін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Мексика боксшысы 2010-2014 жылдар аралығында жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек 10 раундтан тұрады.

«BoxRec.com ақпаратына сәйкес, аталған айқаста WBA Continental және IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша вакантты титулдар сарапқа салынады», - деп хабарланды бүгін «Қазақстан кәсіпқой боксы» федерациясынан.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте өтетін бокс кешінде тағы бір қазақстандық спортшы Аман Қазанғапов (0-0-1) шаршы алаңға шығады.


Соңғы жаңалықтар