USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Батыр Жүкембаев 28 рет жеңіске жеткен мексикалықпен жекпе-жек өткізеді

2021 жылғы 6 желтоқсан 19:54
Бөлісіңіз:
Батыр Жүкембаев 28 рет жеңіске жеткен мексикалықпен жекпе-жек өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (18-1, 14КО) 11 желтоқсан күні келесі жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Дәурен Абаев Алматыдағы бірқатар спорт нысандарының жұмысымен танысты Бейжің Олимпиадасы Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі Жамбыл облысында үздік спортшыларға пәтер кілттері табысталды

Айқас АҚШ-тың Вирджиния штатындағы Спрингфилд қаласында өтеді. Ол тәжірибелі мексикалық боксшы Хуан Хосе Альвареспен (28-10, 20КО) кездеседі. Кездесу алты раундқа жоспарланған.

Жүкембаев бұның алдындағы айқасын осы жылдың мамырында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткізген еді. Ол пуэрторикалық Сабриэль Матиастан (17-1, 17КО) жеңілген еді. Бұл Б.Жүкембаевтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT