Батыр өз концертінде жүргізуші болады - О.Байқанов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Шоу бизнес жұлдыздары, Батырхан Шүкеновтің достары 8 желтоқсанда Республика сарайында өтетін «Батыр Lives» концерті туралы айтып берді.

«Батырдың барлық достары ән айтады. Концерт 3 сағатқа созылады. Бір айдан бері белсенді дайындық жүріп жатыр. Билеттер сатылымда бар. Концертті Батыр өзі жүргізетін болады. Қалай болары әзірге құпия», - деді әншінің бұрынғы продюсері Олжас Байқанов. Концерттен түскен қаржы әншінің ұлы Мақсұт Шүкеновке табысталатын болады. «Біз аншлаг болады деп үміттенеміз. Өйткені барлық әртістер келеді. Біз Мақпал Исабекова екеуміз «Дождь» әнін орындайтын боламыз», - деді әнші Дильназ. ҚР әңбек сіңірген әртісі Роза Рымбаева жаңа альбомдағы «Аманат» әнін орындайды. «Біздің басты мақсатымыз - Батырдың отбасына көмектесу. Оның әндерін орындау арқылы Батырдың әлі де жоғала қоймаған тыңдарманына жеткізгіміз келеді», - деді Р.Рымбаева. Кеште Батырдың стиліне ең жақын саксофоншы өнерін көрсетеді. Ал «Твои шаги» композициясын Еркеш Шәкеевтің өзі орындайды. Сондай-ақ балалардың Батырдың шығармашылығына арналған сурет көрмесі өтеді. Концертке Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, «Жетіген», Еркеш Шәкеев, Далер Назаров, Нұрлан Абдуллин, «JCS», «Дервиши», «Мюзикола», Руслан Тохтахунов, «Сhick Flik», «МузАРТ» топтары, Дильназ Ахмадиева, Мәдина Сәдуақасова, «Мagic of Nomads», Жанар Дұғалова, Мақпал Исабекова, Әли Оқапов және басқа әншілер қатысады. Сондай-ақ «АStudio», Владимир Пресняков, Юлия Началова, Илья Зудин («Динамит» тобы), «N.A.O.M.I» тобы, Доминик Джокер келеді.

Соңғы жаңалықтар