Батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Ұлы Жеңістің 69 жылдығына орай, облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев және облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек бастаған Көкшетау қаласында соғыс және еңбек ардагерлері, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы, еңбек ұжымдары мен қоғамдық жұртшылық өкілдері Кеңес Одағының батыры, академик, жазушы Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Батыр рухына тағзым етіп, құрмет көрсету барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Жабал Ерғалиев, тағы басқалары сөз сөйлеп, өшпес ерліктің үлгісін көрсеткен Мәлік ағамыз бен өзге де ерлердің ерлігі жайында тебірене еске алды.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында келер жылы бүкіл ел болып батырдың 100 жылдығын атап өту мәселесі де айтылды.

Бұдан кейін жиналғандар батыр мұражайында Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен ерлігі жөнінде тарихи жәдігерлерді аралап көрді.

Соңғы жаңалықтар