Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.34 EUR 427.25
RUB 5.88 CNY 54.57
Jańalyqtar

Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті форматқа көшіріледі

2019 жылғы 15 тамыз 16:55 176
Бөлісіңіз:
Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті форматқа көшіріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыр аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау проактивті форматқа көшіріледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы 600 ғимарат әлеуметтік бейімдеу аясында қайта жабдықталды Президент Жарлығы: 1,1 млн қазақстандықтың несиесінің 33,6 млрд теңге өсімақысы кешірілді Түркістандық балалармен толыққан мектеп жабылудан аман қалды - Қостанай

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні ай сайын 700-ге жуық қызмет алушыға жәрдемақы тағайындалады.

Қазақстанда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау енді автоматты режимде жүзеге асырылады.

Егер бұрын аналар Халыққа қызмет көрсету орталығына барып өтініш жазса, енді осы айдан бастап қызмет алу рәсімі проактивті бола бастады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік жәрдемақы аналардың жеке өтінішінсіз тағайындалатын болады. Мемлекеттік қызмет ай сайын 700-ге жуық қызмет алушыға көрсетілетіні белгілі.

Алайда, қызметтер мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтарға ғана проактивті түрде көрсетілетінін атап өткен жөн. Ол үшін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы ұялы телефонының нөмірін Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz порталында бір рет тіркеу жеткілікті. Мұндай тіркеуден өтпеген адамдар «бұрынғыдай тәртіппен» қызмет көрсетуге өтініш беруі қажет.

«Проактивті қызмет көрсету процесі Президент Әкімшілігінің ақпараттық жүйесінен Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесіне бірінші рет «Алтын алқа» және «Күміс Алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар туралы ақпарат түскен кезде басталады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын өтініштерді қабылдау және қызметтерді көрсету нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылғанын естеріңізге саламыз.

Қазақстанда алтыншы немесе жетінші баланы дүниеге әкелген аналар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» мемлекеттік наградаларымен марапатталады. Бұл мемлекеттік наградаларды алған аналар ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мөлшерінде жәрдемақы алады, оның мөлшері жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып қайта есептеліп отырады. Бұл мемлекеттік қызметтер құрметті атақтар алуға байланысты тағайындалады, сондықтан олар ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты емес.

Бұл төлемдер өмір бойына есептеледі, яғни олар зейнеткерлікке шыққаннан кейін де тоқтатылмайды, сондай-ақ отбасының кірісіне қарамастан тағайындалады. Бүгінгі күні мұндай құрметті атаққа 237 мың ана ие.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT