Батуттық гимнастикадан АЧ: Қазақстандықтар алтын және қола жүлдені қанжығалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Пирмаммад Алиев батуттық гимнастика бойынша өткен Азия Чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сында екінші орынды солтүстік Кореялық спортшы иеленсе, қола медаль тағы бір қазақстандық спортшы Данияр Түсіповке бұйырды.

Ал жасөспірім спортшы қыздар Татьяна Громовская және Екатерина Лукина осы жылы қазанның 6-18 аралығында Аргентина астанасы Буэнос Айресте Жасөспірімдер арасында өтетін Олимпиадаға жолдама алды.  

Айта кетейік, 17-20 мамыр аралығында Филиппин астанасы Манилада батуттық гимнастикадан IV Азия Чемпионаты өтті. Оған 10 мемлекеттен спортшылар қатысты. Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында 7 спортшы бақ сынады. Бұл чемпионатта командалық нәтижелер есептелмеді, тек спортшылардың жеке өнер көрсетулері ғана ескерілді.

 

Соңғы жаңалықтар