Батуттар мен аттракциондарда баланы жұқпалы аурулардан қалай сақтандыруға болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің өкілдері балалардың батуттарға, ойын бөлмелеріне және аттракциондарға барған кезінде оларды жұқпалы аурулардан қалай сақтандыруға болатындығын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аттракциондағы ойыншықтар, сырғанақтар, шарлар, жұмсақ қарындаш, шар салынған бассейндер арқылы микробтар, ішек құрты, педикулез, менингит пен пневмония қоздырғыштары жұғуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Осы орайда балалардың түрлі аураларға шалдығуының алдын алу мақсатында ата-аналар үшін тиісті кеңестер бар: аттракционға барардың алдында және барғаннан кейін баланың қолын жуған дұрыс; ойын арасындағы үзіліс кезінде баланы тамақтандырар алдында қолдың тазалығына мән берген жөн; баланың шашын жинап, бас киімді кигізген дұрыс және қыздардың шашын өрген абзал.

Батуттар, ойын алаңдары, аттракциондар балалар үшін тартымды орындар болып саналады.

«Департамент осы саладағы санитарлық-гигиеналық талаптарды қадағаламайды. Сәйкесінше, департамент пайдаланылатын материалдың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуына, күнделікті тазалық шараларына тексеріс жүргізе алмайды», - делінген таратылған мәліметте.

Соңғы жаңалықтар