Батуттағы гимнастикадан Қазақстан чемпиондары анықталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - 25-30 қыркүйек күндері Қарағандыда батуттағы гимнастикадан Қазақстан кубогі мен жекелеген жаттығулар бойынша ел чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ел біріншілігінде команданың үздік спортшылары айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алған жоқ. Себебі, команда көшбасшылары жаңа бағдарламамен сынға түсті.

Ел чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Синхронды секіру

1. Пірмаммад Әлиев, Данил Мұсабаев (Шымкент, Қарағанды)

2. Игорь Грачев, Роман Барков (ШҚО)

3. Нұркелді Байғонысов, Богдан Пасько (Тараз)

Жекелей сын, әйелдер

1. Анастасия Афанасьева (Павлодар)

2. Екатерина Лукина (Қарағанды)

3. Ева Гончаренко (Павлодар)

Жекелей сын, ерлер

1. Ерлан Тасмағамбетов (Қарағанды)

2. Дәулет Рахатов (ШҚО)

3. Марат Орманов (Павлодар)

Сондай-ақ ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, батуттағы гимнастикадан Қазақстан командасы енді Ресейдің Хабаровск қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне дайындыққа кіріседі. Бүгінде спортшылар жаңа жарыс бағдарламасы бойынша жаттығуда.

«31 тамыз күні ұлттық құрама мүшелері Қарағандыда оқу-жаттығу жиынын бастайды. Хабаровскіде Қазақстан атынан төрт спортшы сынға түседі. Олар: Пірмаммад Әлиев, Данил Мұсабаев, Игорь Грачев және Данияр Түсіпов. Лицензиялық әлем кубогі кезеңі 18-23 қыркүйек аралығына жоспарланған», - делінген ақпаратта.




Соңғы жаңалықтар