USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Батутта секіруден Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы бір «алтын»

2021 жылғы 29 қараша 00:01
Бөлісіңіз:
Батутта секіруден Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында тағы бір «алтын»

БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандықтар Роман Барков пен Игорь Грачёв синхронды секіруден алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мейірім Нұрсұлтановтың ең үлкен жекпе-жегінің датасы ауысты Ерсұлтан Бектұрғанов: Халқына адал қызмет еткен – кемеңгер тұлға Әлем чемпионы Бибісара Асаубаева елордалық кішкентай шахматшылармен кездесті

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, спортшылар 17-21 жас аралығындағы топта сынға түскен. Олар қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Екінші орынды Франция иеленсе, қола медаль Беларусь өкілдеріне бұйырды.

Грачёв пен Барков Өскемен қаласының өкілдері, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері. Федор Булучевский мен Игорь Яковлевтің қол астында жаттығады.

Спортшылар 4 жылдан бері синхронды секіруден сынға түсіп келеді. Бұл олардың әлем чемпионатындағы алғашқы медалі.

Еске салайық, бұған дейін 11-12 жастағылар арасында акробатикалық жолда секіруден алтын медальді қазақстандық Ислам Қабдоллов жеңіп алған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT