Батумиде қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 маусым күні Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионаты өтеді. Оған әлемнің 21 елінен 80 спортшы қатысатыны күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Qazaq Kuresi - 2018» турниріне 21 мемлекеттің, атап айтқанда, Латвия, Ресей, Польша, Армения, Албания, Түркия, Норвегия, Израиль, Әзербайжан, Сербия, Молдова, Кипр, Эстония, Беларусь, сондай-ақ чемпионатқа алғаш келетін өзге бірнеше елдің балуандары қатысады.

«Қазақ күресінен Еуропа чемпионатына Франция,  Ирландия, Норвегия, Израиль, Украина, Эстония сынды елдер алғаш рет қатысады. Барлық спортшылар жақсы дайындықпен келе жатыр», - деп атап өтті Қазақ күресінен халықаралық федерация басшысының кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Балуандарға 16 төреші қазылық ететін болады, олардың алтауы - қазақстандық, 10 - Украина, Ресей, Грузия, Латвия, Тәжікстан, Израиль, Польша елдерінен.

 

 

Соңғы жаңалықтар