«Батпақтағы ойын-2018» трофи-рейді: Көкшетаулық экипаж чемпион атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Петропавл қаласында жол талғамайтын көліктердің «Батпақтағы ойын-2018» жарысы өтті. Жарыс қорытындысы бойынша көкшетаулық экипаж чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен жиналған жол талғамайтын көліктердің жүргізушілері қатысты. Жылына төрт рет өткізілетін жарыс ережесі бойынша джиперлер жалпы ұзындығы 10 шақырым жолды түрлі кедергілер арқылы 5 шеңбердің бойымен жүріп өтулері тиіс болатын.

«Көкшетау 4х4» клубының джиперлері экстремалды жарыста өз деңгейлерін тексеріп көрді. Нәтижесінде көкшетаулық Асқар Іргебаев пен Елдос Жатаевтың экипажы «ТР2» санаты бойынша чемпион атанды.

Ал, Мұхаммед Мүтәләпов пен Жаслан Балтабаевтың экипажы «ТР1» санатында күміс жүлдегер атанды. Азамат Назымбек пен Елдос Жатаевқа жүделі орыннан көрінуге сәл сәттілік жетіспеді.null

Сонымен қатар, жарыс дебютанттары Қуаныш Қараулов пен Арман Омаров жұбы «Лайф» класы бойынша екінші орын алды.null 

Соңғы жаңалықтар