Басын өлімге тігіп, Есілге батқан қызды құтқарған жігіттің кім екендігі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Елордада Есіл өзеніне батқан 12 жасар қызды құтқарған жігіттің кім екендігі белгілі болды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат.

Батырдың есімі - Ерлан Райымқұлов.»Есіл өзенінде қызды ажалдан аман алып қалып, өзі суға кеткен жігіт Әуе қорғаныс күштерінің 47762 әскери бөлімінің сержанты Ерлан Райымқұлов. Оның артында әйелі мен екі ұлы қалды», -деп жазды facebook-те Erzhan Bagdatov.

Еске сала кетсек, «10 мамыр күні сағат 12-10-да Есіл өзенінің «Газмашаппаратура» саяжай аумағында «Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары итінің соңынан суға секіріп, батып кете жаздаған 2007 жылы дүниеге келген қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өзен сағасында балық аулап отырған жігіттің арқасында қыз аман қалды. Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті.

Соңғы жаңалықтар