Басымызға күн туған шақта қазақтар бізге қолдау көрсетті – Герихан Яндиев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Басымызға күн туған шақта қазақтар бізге қолдау көрсетті. Біз осыны ешқашанда ұмытпауымыз керек. Бұл туралы Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 20-шы ғасырдың басындағы ашаршылыққа қарамастан қазақтар күштеп Қазақстанға қоныс аударылған өзге көптеген ұлттарды сияқты шешен-ингуштерді да құжақ жая қарсы алды.

«Өткен ғасырдың 30-шы жылдарының басында қазақтар аштыққа ұрынып, көп ауыртпалық тартқаны белгілі. Қаншама қазақстандық сол ашаршылықтан көз жұмды. Бірақ та, соған қарамастан, қонақжай қазақ халқының сол жылдарда жер аударылып келгендерді үлкен кеңпейілдікпен қарсы алып, оларға жанашырлық танытты. Менің әкем 14 ағайынды екен, алыс жолдың ауыртпалығына шыдамай содан 4-еуі ғана аман қалды», – дейді «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев.

Осы ретте, ол сол бір қиын шақта қол ұшын беріп, көмегін аямаған қонақжай қазақ халқының жақсылығын Қазақстанда тұрып жатқан әр бір ұлт өкілі білуі тиіс екенін айтуда.

«Бүгінде біз Қазақ жеріне, халқына алғысымызды жеткіземіз. Себебі, басымызға күн туған шақта бізге қолдау көрсетті. Біз аман қалдық, қазірде өзіміздің мәдениетімізді, салтымызды дамытуға мүмкіндік алып отырмыз. Қазақстанда тұрып жатқан барлық халықпен татулықта, бірлікте өмір сүруіміздің ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сындарлы саясатының арқасы деп ойлаймын», – деп түйіндеді Г.Яндиев.

Айта кетейік, өткен 20 ғасырдың 30-шы жылдарының басында тек қана Ақмола облысына 30 мыңнан аса халық жер аударылды. Олардың қатарында шешен-ингуш ұлтының өкілдері де бар. Бүгінде тек қана Ақмола облысы аумағында 10 мыңға жуық шешен-ингуш ұлтының өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, өз тілдері мен мәдениетін сақтау мүмкіндігіне ие болып отыр. Өткен жылдың күзінде «Вайнах» қоғамдық бірлестігінің 30 жылдығы шеңберінде өткен шешен-ингуш мәдениетінің облыстық фестивалі соның айқын дәлелі іспеттес.


Соңғы жаңалықтар