Басы бірікпеген жеке шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жария еткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз горизонталды кооперацияның да әлеуетін естен шығармауыз қажет. Онсыз агроөнеркәсіп кешенінде қарқынды даму болмайды. Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз», - деді Мемлекет басшысы,

ҚР Президентінің атап өтуінше, бәсекеге қабілетсіздік пен импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осында жатыр.

«Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқықтар сақталады. Кооперация шаруашылықтарға шикізат сатып алу, өнім өндіру және оны сату барысында күш жұмылдыруға мүмкіндік береді, Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жердердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар