Басы бірікпеген жеке шаруашылықтар мәселесі дұрыс көтеріліп отыр - Ақылбек Күрішбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев бүгінгі Президент Жолдауына қатысты пікір білдірді, де,п хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның сөзіне сенсек, Жолдауда Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы туралы көп нәрсе айтқан.

«Шынында, маған ұнаған жері - кооператив құру, қосалқы шаруашылықты дамыту мәселесі болды. Қосалқы шаруашылықты елді мекеннің жағдайында бізде малдың 70 пайызы сонда тұр. Бірақ өкінішке қарай, бізде 188 миллион гектар жайылым жері бар. Сол малды қамтамасыз ете алатын. Егер сол малды жинап, кооперация құрып, жайылымдар мен шабындық жерлерді беретін болса, бізде малдың, еттің, сүттің көлемі 30 пайызға өседі» дейді депутат.

Сенатордың айтуынша, бұл - мемлекеттің биологиялық активі, біз оны қорғауымыз керек.

«Егер бұл мәселе шешімін тапса, онда ауылдың экологиялық мәселесі шешіледі. Бұл - ауылдағы экономикалық дамудың бірінші қарқыны деуге болады. Сондықтан біз осы мәселені қолға алуымыз керек» дейді Ақылбек Күрішбаев.


Соңғы жаңалықтар