+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Бастығынан таяқ жеген алматылық полиция инспекторына алғыс айтты

2019 жылғы 11 қыркүйек 11:44
Бөлісіңіз:
Бастығынан таяқ жеген алматылық полиция инспекторына алғыс айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан хат келді. Онда Алматы тұрғыны Медеу ауданының учаскелік полиция инспекторы Ғалым Советбековке кәсіби жұмысы үшін алғыс білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Полиция жұмысының стандарттары мен алгоритмдері қайта қаралып жатыр - ІІМ Шымкентте қылмыстық топ құрған полиция басшылары сотталды Зорланған 7 жасар қыз туралы іс құжаттарын интернетке таратқан полицейлер жазаланды – ШҚО
«Осыдан бір-екі апта бұрын Медеу ауданында орналасқан бір компанияда жағымсыз оқиға орын алды. Жұмыс орнында компания директоры қызметкерге қол жұмсаған. Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келтірді. Бастығынан таяқ жеген қызметкер бізден көмек сұрады. Медеу ауданының №76 учаскесінің инспекторлары оқиға орнына шұғыл жетті. Қызметкерінің денсаулығына зиян келтірген серіктестік директорының жасаған қылмысы қолданылған шаралар арқылы дәлелденді»,- дейді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Болат Тотыбаев.

Полиция басқармасына хат жолдаған жәбірленуші полицияның шұғыл әрекетіне қарамастан, кінәлі лайықты жазасын алмайды деп күдіктенген.

«Мен бекер уайымдаған екенмін. Полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби міндетін өте жақсы орындады. Мен полиция капитанына және оның әріптестеріне кәсіби шеберлігі үшін алғыс айтамын. Учаскелік полиция қызметкерлері өте сауатты, олар халық құқығын қорғау бойынша қызметтік міндеттерін адал орындады», - деп жазады алғыс хат авторы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT