Бастилия қамалы алынған күн: Алматыда Францияның Бас консулдығы ұлттық мерекесін тойлады (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 14 шілде - француздар үшін ерекше күн. Бұл күні француздар атақты Бастилия түрме-қамалының алынғанын тойлайды.

Тарихи мәні зор бұл мереке Париждегі Этуаль алаңынан басталады. Дәстүр бойынша қалада бірнеше бал, әскери шеру өткізіледі. Сондай-ақ, отшашу, түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Алматыдағы Францияның Бас консулдығы ұлттық мейрамды Көктөбеде атап өтті.

Алматылықтар Францияның тарихи мейрамында француз мәзірінен сыр шертетін түрлі аспаздық шеберлік сыныптарын, байқаулар, файр-шоуды тамашалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған мерекелік шарадан түскен қаражат болашақта Алматыда француз мектебінің ашылуына жұмсалатын болады.

Соңғы жаңалықтар