Бастауыш сыныптарға арналған жаңа бағдарлама қыркүйек айында сынақтан өтеді - ҚР БҒМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі бастауыш сыныптарға арналған жаңа есептік бағдарламаны 2015 жылдың қыркүйек айында сынақтан өткізбек.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте оқулықтардың сапасы және білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз етуге арналған Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуына қарағанда, бүгінгі күні бастауыш білім берудің мемлекеттік міндетті стандарттары бекітілген. Бастауыш мектептің оқу бағдарламалар жобасы жаңа форматта болады әрі 2015 жылдың қыркүйегінде басталатын жаңа оқу жылында еліміздің 30 пилотты мектептерінде сынақтан өтеді. «Бұл 30 мектеп республиканың барлық өңірлерін қамтып отыр. Олардың ішінде ұлттық мектептер де, шағын жиынтықты мектептерде бар. Осыған байланысты, оқулықтардың мазмұнын жаңарту және оқулықтарды қорландыру циклдарына кезең-кезеңмен өту кестесі бекітіліп отыр», - деді А.Сәрінжіпов. Министр бұл ретте мектеп оқулықтарын жаңарту кестесі мен оқулықтарды жаңа стандарттар бойынша шығару кестесінің үйлесетінін де атап өтті.

Соңғы жаңалықтар