+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

«Бастау» жобасы: Түркістан облысында 3 мың адам кәсіпкерлікті үйренеді

2020 жылғы 30 маусым 01:21
Бөлісіңіз:
«Бастау» жобасы: Түркістан облысында 3 мың адам кәсіпкерлікті үйренеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Atameken Academy» платформасында «Бастау» жобасымен онлайн режимде кәсіпкерлерлікке оқыту басталды. Бұл туралы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы Айкөз Сыздықованың айтуынша, бизнес-тренерлер облыстың 16 аудан-қаласында қатысушыларға Палатаның 14 кәсіпкерлік негіздерін үйретуде. Оларға осы бағытта кеңес беруде. Биыл облыс бойынша 3100 адамды оқыту жоспарланып, онлайн оқыту 5 кезеңнен өткізіледі.

«Бірінші кезеңде Atameken Academy және Openstudy.kz сайттарында тіркелген қатысушылар әр топқа бөлініп, 12 модуль бойынша 50 бейне-сабақты игеріп, 12 тестіден өтеді. Кәсіпкерлік негіздері жөніндегі курс ауқымы кең, атап айтқанда әлеуетті жобалардан бастап, бизнесті әлеуметтік желілер арқылы ілгерілету, мерчендайзер негіздері, қаржылық сауаттылық, жобаларға инвестиция тартуға дейінгі және басқа да бағыттарда өз білімдерін арттыратын болады», - деді Айкөз Сыздықова.

Курсты тиімді қабылдау мақсатында бейне-сабақтар, слайдтар, таныстырылымдар, сонымен қатар салалық сарапшылардың қатысуымен вебинарлар, технолог мамандардың қатысуымен шеберлік сабақтар қарастырылған. Әр жаңа тақырып тыңдаушының өзіндік жұмысымен тиянақталады. Жеке қабілетті сынау үшін онлайн-скоринг қарастырылған. Әр туындаған мәселе бойынша қатысушы өз бизнес-тренеріне жүгіне алады.

«Биылғы жылы жобаны жүзеге асырудың ерекшелігі, Бизнес-тренерлердің қолдауы тек түлектердің бизнес-жобаларын қаржыландырумен шектелмейді. Бизнес-тренерлер мен Кәсіпкерлер палатасы тыңдаушылардың жобаларын өндірістік-өткізу тізбектеріне орналастыру үшін сүйемелдейтін болады. Бұл дегеніміз кәсіпкерлер өз өнімдерін немесе қызметтерін қайда өткізетінін ойлап, алаңдамайтын болады. Қазіргі таңда жобаның бизнес-жаттықтырушылары әр ауданның ерекшелігіне сәйкес аймақтарда нарықтық зерттеулер өткізіп, «Бастау» жобасының түлектерімен әрі қарай ынтымақтастық орнату үшін 50-ден астам кәсіпорынмен келіссөздер жүргізді. Жобаға қатысып, толық ақпарат алу үшін 8701-794-25-49 нөміріне хабарласуға болады»,- деді Айкөз Сыздықова.

Айнұр Ақбаева

Суреті поштада


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT