«Бастау» халықаралық студенттік фильмдер фестиваліне өтінімдер қабылдануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда биылғы қарашаның 5-8 күндері аралығында «Бастау» VII халықаралық студенттік фильмдер мен киномектептер фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл сайынғы фестиваль Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен Алматы қаласы әкімдігінің, «Бастау» халықаралық кинофестивалі дирекциясының («Танарис Продакшн кинокомпаниясы» ЖШС), Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен «Тұран» университетінің ұйымдастыруымен өткізіледі.

«Бастау» VII халықаралық кинофестивалінің ұйымдастыру комитеті конкурстық бағдарламаларға ұсынымдар қабылдау бастағанын жариялайды. Іріктеуге Еуропа, Азия және Американың 2017-2018 жылдары шығарылған дебюттік және студенттік қысқаметражды фильмдер (көркем, деректі, анимациялық) қабылданады. Фильмнің ұзақтығы - 7 минуттан бастап 40 минутқа дейін (анимациялық фильмдерден басқа)», - делінген  кинофестивальдің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өтінімдер 2018 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты фестиваль сайтынан табуға болады. Фестивальдің ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Басқа тілдерде ұсынылған фильмдерді орыс не ағылшын тілдерінде субтитрлармен жіберу қажет.

«Фестиваль халықаралық ынтымақтастықты дамыту, мәдени алмасу мен жас кинематографистер арасындағы байланысты орнату, сондай-ақ Еуропа, Азия және Америка киномектептерінің студенттері мен ұстаздар құрамын жақындату мақсатында ұйымдастырылады. Шара аясында Еуропа, Азия және Американың белді кинематографистерінің қатысуымен шеберлік сабақтар, қазақстандық және шетелдік компаниялармен бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланып отыр», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар