Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 375.90 EUR 423.56
RUB 5.55 CNY 54.06
Jańalyqtar

«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

2018 жылғы 14 шілде 12:55 5429
Бөлісіңіз:
«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат  - «Бастау» домбырашылар тобы АҚШ-тың World Champions Olympic байқауына қатысып өз номинациялары бойынша алтын медальға ие болды. Бұл туралы топ продюсері Алпамыс Шәрім айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық прокатка қазақстандық банк қызметкері жайлы фильм шыққалы жатыр 2018 жылдың үздік фильмі анықталды

«Бұл жолды жүріп өту қаншалықты қиын екенін білсеңіздер ғой. Сүйінші! Қазақтың қара домбырасы Hollywood саxнасына шықты. «Бастау» домбырашылар тобы өз номинацияларында алтын медальге ие болды. Жеңісімізді биылғы «Ұлттық домбыра күніне» арнаймыз. Бізді қолдаған Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, өнер жанашыры Айман Мұсаxоджаева xанымға мың алғыс»,- деді «Бастау» тобының продюсері Алпамыс Шәрім.

World Championship of Performing Arts - WCOPA халықаралық таланттар олимпиадасы. Деңгейі жағынан WCOPA дүниежүзілік Олимпиада ойындарымен тең. Өнер додасына әр мемлекеттің ең талантты деген өнерпаздары қатысады.

Әлемдік шоу-бизнестің астанасы Лос-Анджелесте осымен 22 рет ұйымдастырылған олимпиадада 72 мемлекеттің өкілдері  бақ таластырды. Қазақстан аталған жарысқа алғаш рет қатысып отыр.

«Биыл Қазақстан алғаш рет қатысуда, келесі жылдан бастап ұлттық құраманың «бас бапкері» ресми өкілі етіп мені тағайындады. 20 жылдам астам тариxы бар байқаудың ашылуына  түрлі елдің президенттері қатысады. Мемлекеттік маңызы бар шараның деңгейін біздің елде де көтеріп, Көк туымызды әлемдік ареналарда желбірету үшін барымызды саламыз. Бұл қазақ өнерпаздарының әлемдік аренаға көрінуіне үлкен жол, үлкен мүмкіндік,- деді А. Шәрім.


«Бастау» домбырашылар тобы Голливудта алтын медальға ие болды

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Дәулет Ізтілеу

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT