Бастамасы жоқ, немқұрайды мемқызметкерлер бізге керек емес – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметтің кеңейтілген отырысын қорытындылаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратқа жұмылып жұмыс істеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметшілер осынау еліміз үшін күрделі сәтте жұмылып жұмыс істеу керек. Сіздерге бастамалар көтеріп, қажет кезінде шұғыл шешім қабылдай алатын қабілет таныту керек. Бастама айтпайтын, немқұрайды шенеуніктер бізге керек емес», - деді мемлекет басшысы.

Президент құқық қорғау органдарына жемқорлықпен күресте оьбективті болудың маңызы зор екенін баса айтты.

«Құқық қорғау органдары мемлекеттік аппараттың жұмысынан сыбайлас жемқорлықты анықтау кезінде қырағылық, жеделдік, обьективтілік танытуы керек. Шын кінәлілерді заң бойынша жазалау қажет. Мемлекеттік сатып алуларға ерекше назар аударған жөн. Бұл сала әлі де болса ашық болмай тұр. Жол және басқа да құрылыс түрлерінде лауазымды теріс пайдалану мәселесіне, әсіресе, ірі және орта инфрақұрылымдық жобаларға осындай назар аудару керек. Бір сөзбен айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі, бірізді күрес біздің иызғымайтын басым бағытым болып қалуі керек. Мемлекеттік аппарат жинақы болуы керек және нәтижеге бағдарланған болуы қажет», - деді қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар