Басшылық лауазымға 18 кандидат полиграф сынағынан өте алмады - «Самұрық-Қазына»

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Самұрық-Қазына» қорында басшылық лауазымға үмітті кандидаттар полиграф аппараты арқылы сынақтан өтеді. Бұл туралы қордың қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі директоры Ғибрат Ауғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәлім етілгендей, аталған сынақтан 96 үміткер өтіп, 18-і өтпей қалған.

«Бірінші басшылар, басқарушы директорлар және құрылымдық бөлім басшылары лауазымына үміткерлер комплаенс-тексеруден өтеді. Ондағы мақсат – үміткердің қор компанияларының жоғары лауазымды басшыларына туыстығының бар-жоғын, сыбайлас жемқорлық және репутациялық тәуекелдерді анықтау», - деді Ғибрат Ауғанов «Самұрық-Қазына» қорында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, полиграф сынағынан өткізу кезінде қойылатын сауалдардың ауқымы кең.

«Самұрық-Қазына» қорында биыл наурыздан бастап сатып алу саласында басшылық лауазымға тағайындалатын үміткерлерді полиграф аппараты, яғни жалғандықты анықтайтын детектор арқылы тексеру енгізілді. Үміткерлерді тексеруді Қазақстан полиграфологтар қауымдастығының мамандары жүргізеді. Қазіргі таңда қор тобындағы 38 компанияда 96 үміткер полиграфтан өтті. Оның ішінде 18 үміткер аталған сынақтан өтпей қалды», - дейді ол.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының өкілі «Елімізге келіп жатқан Ресей азаматтары қор және оған қарасты компанияларда жұмыс істей ала ма?» деген сауалға жауап берген еді.



Фото:fainaidea.com





Соңғы жаңалықтар