Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Басшыларын иіссумен «сатып алмақ» болған маңғыстаулық шенеунік жұмыстан қуылды

2021 жылғы 18 маусым 18:38

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың өкімімен ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбек қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Маңғыстаудың Мұнайлы ауданындағы әкімдіктің бөлім басшысы басшыларын иіссумен «сатып алмақ» бол ғаны жазылған видео әлеуметтік желіде тарағанын жазған едік.

Айта кетейік, видеода Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Қуанышбектің әріптестерімен әңгімесі жазылған.

Ал сол видеода аты аталған облыстық басқарманың екі басшысы «бұл видеожазба сыбайлас жемқорлыққа шақырады» деп құзырлы орынға арыз-шағым түсірді.

Айта кетейік, Бахтияр Қуанышбеков осыдан бір жарым ай бұрын Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған болатын.


Автор:

Қаракөз Марат

Новости по теме