Басшыларды кабинеттерінен шығуға мәжбүрлеп жатырмыз - А.Калайчиди

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан реформалар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі - бұл ең үлкен құқық қорғау органы және ол өз жұмысының жабықтығы үшін барынша жиі сынға ұшырады. Сондықтан біз үшін мұндай жағдайды өзгертудің өмірлік маңызы бар. Бұл үшін соңғы жылдардың ішіндегі ең ауқымды реформаны бастап кеттік. Оның 9 бағыты болса, бірі қоғаммен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен жаңа формат құруға байланысты», - деді ол жергілікті атқарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған республикалық семинар-кеңесте.

Оның айтуынша, министрлік дәстүрлі БАҚ-пен коммункациялар арнасын сақтап қана қоймай, оны нығайта түсуге тырысып отыр.

«Біз бұл ынтымақтастықты қалай нығайтып, дамытпақпыз? Егер бұрынырақта БАҚ-пен негізгі өзара іс-қимыл баспасөз хатшысының сөз сөйлеуімен шектелсе, ендігі уақытта біздің басшыларды кабинеттерінен шығып, осындай алаңдарда кездесуге, диалогты талап ететін белгілі бір проблемалар, резонансты жағдайлар жайында айтуға мәжбүрлейміз. Екінші ерекшелік - бұл әлеуметтік желілер. Бізде де ведомстволық сайт, аккаунт бар. Оған жазылушыларымыздың саны шамамен 650 мың адам», - деді министрдің орынбасары.

Алексей Калайчиди ішкі істер органдары қоғам алдында ашық бола түсіп, «Жолдағы қабылдау» тәжірибесін жолға қойды. Акция аясында басқармалар мен департаменттердің басшылық қызметкерлері көшелерде, сауда орындарында халықпен кездесіп, оларды толғандыратын сауалдарға жауап береді.

«Мұндай акция сәуір-мамыр-маусым айларында 2 күннен өткізілді. Осы кезеңде адамдармен орташа есеппен 17-18 мың байланыс болды. Бастапқыда адамдар сенімсіздікпен қарап, соңында біртіндеп мұның қалыпты үрдіс екендігіне көз жеткізді. Көпшілігі қызметте сол жерлерден-ақ алды. Алғашқыда бұл тек жол қозғалысына қатысуымен байланысты ғана болған еді... Содан кейін көші-қон заңнамасын, артынан біз көрсететін мемлекеттік қызметтердің толық саласын қамтыды. Біз жылына шамамен 17 млн мемлекеттік қызмет көрсетеміз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар