Баспасөз баяны: Ресейлік танымал жоба алғаш рет қазақстандық құрылысшылармен дөңгелек үстел өткізеді

Фото: None
«Все о стройке» эфирінде девелоперлер республиканың тұрғын үй құрылысының перспективаларын және цифрландыру кейстерін талқылайды. Спикерлер арасында Қазақстан Құрылыс салушылар қауымдастығының, BI Group, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ, DIPCO, «ҚазҚСҒЗИ»АҚ өкілдері бар. Пікірталас онлайн өтеді.

«Все о стройке» жобасы — саланың өзекті мәселелерін талқылау үшін құрылыс салушылар, билік органдары мен банктер онлайн кездесетін девелопменттің тәуелсіз алаңы. Дөңгелек үстелдер жобаның Youtube-каналында тікелей эфир форматында өтеді.

9 маусымда астана уақытымен сағат 11: 00-де Қазақстан құрылысшылары жобаға алғаш рет қатысады. Алдағы шығарылымның тақырыбы:«Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысын дамытудың озық тәжірибелері мен перспективалары». Дөңгелек үстелге жоба сайтында тегін тіркелуге болады.

Шығарылымның бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы: MACRO компаниясы. Серіктестер: Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы, Қазақстан құрылысшылар одағы.

Эфирде «Республика құрылысшыларының алдында тұрған мәселелер мен сын-қатерлер», «Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту перспективалары», «Дамуды цифрландыру және оның мүмкіндіктері», «Республиканың жетекші құрылыс салушыларының кейстері» секілді мәселелер талқыланады.

9 маусымда дөңгелек үстелге Қазақстан Құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков, BI Group құрылыс индустриясын цифрландыру жөніндегі директоры Еркін Әкімбеков, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құрылыс департаментінің директоры Нияз Мұсатаев, DIPKO компаниясының атқарушы директоры Асан Қадырбеков, Open Development Бас директоры Вячеслав Лазарев, 7 Stroy құрылыс компаниясының директоры Әмір Қасенов, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ дамыту және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович, MACRO компаниясының сарапшысы Богдан Ядыкин қатысады.

Эфир модераторлары - MACRO компаниясының коммерциялық директоры Радик Нигматуллин және жоба директоры Светлана Опрышко.

Республика үшін бұл салалық іс-шаралардың жаңа форматы. Эфирде Қазақстанның ірі құрылыс салушылары саланың маңызды мәселелерін талқылайды, ал көрермендер нарықтың негізгі мәселелері туралы сарапшылардың ойын білеа алады. Тікелей эфирді қарап, пікірталасқа қатысушыларға сұрақ қоюға болады.

Жоба сайтында эфирге тіркелуге және ТМД елдеріндегі «Все о стройке»дөңгелек үстелдерінің толық кестесімен танысуға болады.


Соңғы жаңалықтар