Баспанамен қамту орталығында кезекке тұрғандарға ипотека қандай тәртіппен беріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сенаттың үкімет сағатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев баспана кезегіндегі азаматтарға тиесілі баспананы әділ үлестіру үшін жасақталып жатқан жаңа тәртіп туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір кезекте тұрғандарға жергілікті бюджет есебінен жалға және кредитпен берілетін тұрғын үйді бөлу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады.

Ал баспанамен қамту орталығында кезекте тұрған адамдар үшін тұрғын үйді бөлу мынандай тәртіппен іске асады:

- арендалық тұрғын үй - кезекке тұрған күні бойынша;

- кредиттік тұрғын үй - балдық жүйе бойынша жүргізіледі», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, табысы қажетті балл жинауға мүмкіндік бермейтін әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қосымша балл енгізу ұсынылып отыр.

«Өзектендірілген тізімдерді «Отбасы банк» АҚ-ның интернет-ресурсында жариялай отырып, тоқсан сайын кемінде 1 рет тізімдік кезектілікті түгендеу көзделген.

Бұл инновациялар мемлекеттің қолдау шараларын бүкіл азаматтар арасында әділ бөлуге мүмкіндік береді», - деді Еркебұлан Дауылбаев.


Соңғы жаңалықтар