+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Баспаналарын жезөкшелерге жалға берген 30 астаналық жауапқа тартылды

2019 жылғы 19 қазан 01:10
Бөлісіңіз:
Баспаналарын жезөкшелерге жалға берген 30 астаналық жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жыл басынан бері пәтерлерін интимдік қызметтер көрсету үшін жалға беріп келген 30-дан астам адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО тұрғыны туысының кәмелетке толмаған қызын жезөкшелікке тартқан Ақмола облысында жеңгетайлар ұсталды Таразда рейд барысында 20 жезөкше анықталды

Осы күндері қалада «Учаске» жедел-алдын алу шарасы өткізілуде. Полиция департаментінен мәлім еткендей, оның барысында учаскелік полиция инспекторы Гёте көшесіндегі үйдің бірінде өзінің баспанасын жыныстық қызметтер көрсету үшін жалға беріп келген әйел анықталған.

«Нұр-Сұлтан қаласының Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен 31 жастағы азаматша А. ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабының 1-бөлігіне сәйкес (Көрінеу жезөкшелікпен айналысуға немесе жеңгетайлық үшін үй-жайларды ұсыну) 100 АЕК (252 500 теңге) көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ведомстводан.

Департаменттің ақпараты бойынша, елордада жыл басынан бері аталмыш бап бойынша 30-дан астам тұлғаға айыппұл салынған.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT